«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗИЯНДЫ және ҚОЛАЙСЫЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ САНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылы қауіпті және залалды еңбек жағдайлары үшін өтемақы алатын жұмыскерлер саны 17,9 мың адамды құрап, 2011 жылғы деңгейден 16,1%-ға жоғары болды. 2012 жылы жеңілдіктерге және өтемақыға 1 278 млн. теңге жұмсалды. 

 

2012 жылы статистика органдары ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердің 450 кәсіпорнын зерттеді, оларда 68 мың адам қамтылса, оның 45 мыңы – жұмысшылар.

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда 4,8 мың адам еңбек етті. Олардан 28%-ы көтеріңкі газдалған және шаңдалған жерлерде, 32%-ы – көтеріңкі діріл мен шу жағдайында, 57%-ы адам температуралық режімнің қолайсыз жағдайларында еңбек еткен. Әрбір екінші адам өнеркәсіп, көлік және қоймалау кәсіпорындарында қамтылды.

Қауіпті және залалды еңбек жағдайлары үшін өтемақы алатын жұмыскерлер саны 11 мың адамды құрады, 12 мың адам қосымша демалыс алды, 7 мың адам тегін сүт немесе тең бағалы басқа тағамдар алды.

Бір жұмыскерге орташа шығын 72 мың теңгені құрады, оның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметте – 126 мың теңге, ақпарат және байланыста – 73 мың теңге, көлік және қоймалауда – 45 мың теңге, өнеркәсіпте – 41 мың теңге.

 

 

Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp