Облыс тұрғындарының атаулы ақшалай табыстарының серпіні тұрақты өсу беталысын алып отыр және 5 жылға орташа жылдық өсім қарқыны 17,9%-ды құрайды.
2012 жылы алдын ала есептеу бойынша облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 43 381 теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық болды. Нақты ақшалай табыстары 2,6%-ға өсті.
2012 жылғы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша тұрғындардың табыстарының құрылымындағы негізгі 68,8%-ын еңбек қызметінен түскен табыстар құрайды, 25,3%-ын – әлеуметтік трансферттер (зейнетақы, шәкіртақы, мемлекеттік әлеуметтік көмектер, АӘК, ТҮК), 4,7%-ын – туыстардан материалдық көмектер, алименттер және өзге де табыстар (меншіктен түскен табыстар, өзге де ақшалай түсімдер) 1,2%-ын құрайды.
Облыстық Статистика департаменті.