«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ЖАҢҒЫРТЫП ЖҮРГЕН қос ұжымның концерті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Әлқисса” фольклорлық ансамблі мен “Азия sound” тобының шығармашылық кеші өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл екі топ та халқымыздың ұлттық музыкасын жаңғыртып жүрген өнер ұжымдары. Кеш бойы ұлттық туындыларды тыңдап, құлақ құрышын қандырдық. Концерт “Ақ ілме” күйімен ашылды. Жекелей орындауда Айдос Ақылбеков саз сырнайда, Жәмила Мұстафина қылқобызда ойнап, кештің сәнін келтірді. “Әлқисса” фольклорлық ансамблінің әншісі Бибіжамал Рысмамбет моңғолдың халық әні – “Жылқышы”, Махамбеттің “Мен Нарында жүргенде” туындысын, Нартуғанның термесін нақышына келтіріп орындады.
“Азия sound” тобының әншілері Мұхит Ахметов пен Нұрлан Двесов “Керім-ау, айдай” халық әнін әуелетті. Өнерсүйер қауым кеш иелері орындауындағы “Ұлытау” тобының репертуарынан “Күрішшілер биі” шығармасын ерекше ықыласпен тыңдап, домбырада және скрипкада өнер көрсеткен Нұрлан Двесов пен Анастасия Ерзаковадан қошеметтерін аяған жоқ.
Қазақ өнерін аңсаған көрермендердің ыстық ықыласына бөленген өнерпаздарымыздың ризашылығы шексіз болды. Облыстық филармония жанындағы бұл екі ұжым үшін өткен күндер шығармашылық ізденіске толы уақыт болды. “Әлқисса” фольклорлық ансамблі жақында Ақтөбеде өткен “Жұбанов көктемі” атты халықаралық байқауда екінші орынды иеленіп қайтқан болатын. Ал “Азия sound” тобы – ұлттық өнерді өзге қырынан танытып жүрген беткеұстар ұжымдардың бірі.
Суреттерді түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp