«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҒЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған “Мен, сен, ол, біз – бәріміз тату отбасы” атты шара өтті.
Аталмыш шараға қаланың бірқатар мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Кітапхананың бөлім жетекшісі Мапруза Жұмабаеваның айтуынша, шараның мақсаты – балаларға Қазақстан халқы бірлігі мерекесін тойлаудың еліміз үшін маңыздылығын айтып, оларды өзара достыққа баулу. Қазақстандағы этносаралық достықты түрлі ұлттың ертегі-аңыздары арқылы суреттеп, “Гүлді достық” ойынын ойнатқызды.
Сондай-ақ кітапхана ұжымы “Шекарасыз достық” тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге бүлдіршіндерге арналған көркем шығармалар мен Қазақстан жайлы танымдық кітаптар қойылған.
(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp