«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орысша жазатын балалар ақыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде балалар ақыны Күлбаршын Мұқанова соңғы жылдары өзінің кішкентай оқырмандарға арналған өлеңдерімен әдебиетсүйер қауымнан оң баға алып жүр. Анығын айтқанда, бүгінгі таңда облысымызда одан дарынды балалар ақыны жоқ десем, артық айтқандық емес. Ол өлеңдерін орыс тілінде жазады.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Күлбаршын Смағұлқызының әдебиетке жол тартуы қызық. Ол бұрынғы Целиноград облысының Алексеев ауданындағы Шілікбай ауылында туып, әуелі өз ауылын-да, содан кейін Кеңес елді мекенін-дегі мектеп-интернатта білім алған.
Шаңырақтағы төрт баланың кен-жесі жастығына қарамай, екі әпкесі мен ағасына еріп, үйдің ішкі және түздегі шаруасын атқарған. Әкесі ағаштан ою ойған, темірден түйін түйген шебер болса, шешесі үй шаруасын ұршықтай үйіре білген.
Қарапайым жұмыс адамдары болса да, ата-анасы бай үй кітап-ханасын ұстаған. Соның әсерімен балалары көп оқыған. Оның үсті-не, анасының ақындық қасиеті болған. Кейін өзіне ақындық да-рығанда Күлбаршын Смағұлқызы анасының өлеңдерін қазақшадан орысшаға аударыпты.
Мектепті тамамдаған қыз бала, неге екені белгісіз, метролог болу-ды армандап, Қазақ мемлекеттік университетінің география фа-культетіне түседі. Бірақ тағдыры оған өзге бір тарту жасайды: ол бі-рінші курсты аяқтаған соң тау-кен инженері Аманжол Мұқановқа тұр-мысқа шығады. Жұбайының нұсқа-уымен “Қазалтын” тау-кен байыту комбинатына әуелі сызушы, кейі-ніректе жерасты жұмысын таңдап, қыртыс қопарушының көмекшісі, жарылғыш заттарды таратушы болып еңбек етеді де, 1993 жылы 45 жасында зейнетке шығады.



1999 жылдан бері Петропавл-да тұратын осы балалар ақыны-мен бірнеше мәрте жүздесіп, Ом-бы қаласында басылып шыққан “Мен армандаймын” деген көркем безендірілген жыр жинағына оның өтініші бойынша орыс тілінде алғы-сөз жазған уақыттан былай шығар-машылық байланысымыз жалға-сып келеді.
Ол өлеңді Жолымбеттегі тау-кен байыту комбинатында жұмыс істеп жүрген кезінен бастап жазыпты. Өлеңдерін ұнатқан бір танысы, оған сездірместен, оларды Целиноград облыстық газетінің редакциясына апарып, жариялатып жіберіпті.
Ол оқырмандармен кездесулер өткізуден қай уақытта болса да бас тартпайды. Иван Шухов атындағы қалалық, Сә-бит Мұқанов атындағы об-лыстық кітапханада оқыр-мандардың ақынмен жүз-десулері болып, ол бір-неше жаңа өлеңдерін оқыды. Өлеңдері көңіліміз-ден шықты. Пікір білдір-гендердің бірі – Со-коловкадағы мектеп мұражайын ұйымдастырушы және жұмысын жүргізуші ұстаз Виктор Огневой: “Осындай өлеңдер көп болса, шір-кін! Сонда өмірге деген құштарлы-ғың арта түседі. Әсіресе, бұл жырлар балалар мен жастарды баурайды”, – деді.
– Мен дүниені бала көзімен та-нып, бала жүрегімен ұғынғым келеді. Қай тақырыпты алсам да, балаша ойлап, балаша әсерге бө-ленемін, – деді ол менімен бір әңгі-ме үстінде. – Немерелерім Ерлан мен Әсемгүл және өзге таныста-рымның балаларының қызықты қылықтарынан, сөйлеген сөздері-нен тақырып тауып аламын.
Расында да, өлеңдері Күлбар-шынның сөзінің ақиқаттылығын ай-ғақтайды. Мен өткен жылы оның бір топ өлеңдерін және жұмбақтарын орысшадан қазақшаға аударып, олар “Солтүстік Қазақстан” газе-тінде жарияланған еді. Енді тағы бір шоғыр жаңа жырларын аудардым.

 

МЕН ДЕ БАТЫР
БОЛСАМ-ШЫ!

“Атаңа тартқан баласың,
Сен де батыр боласың!” –
деп көңілді көтерді
Аймалаған анашым.

Аппақ қылып мұртымды
Боясам да, бір түрлі,
Ұқсамадым атама,
Келтіріп бұл күлкімді.
Түсіп сосын қабағым,
Анашыма қарадым.
“Сен де батыр боласың,
Тек асықпа, қарағым!”

Деп жұбатты ол енді,
Жаным нұрға бөленді.
Есейгенде батыр боп,
Таңғалдырам әлемді!

 

Немереме

Немереме ұшамын,
Аймалаймын, құшамын.
Қанша сүйіп жүрсем де,
Толмайтындай құшағым.

Жаным болса қасымда,
Ештеңе емес жасым да,
Өмірімнің қызығын
Балаймын ең асылға.

Мейлі қанша өтсе күн,
Қасыңда болам тек сенің.
Сүйдірсінші шөберем,
Аймалатсын шөпшегім.

 

Бақбақ

Жұлдыздардай жанып тұр
Бақбақ гүлдер көктемде.
Сары алтынға алып қыр
Толып, әлде, кеткен бе?

Аспан жүзі – көкпеңбек,
Сары алтындай бар алап.
Күннің нұры көктем кеп,
Жүр ғой қырды аралап.

 

Балалық

Өлең шөптің арасына тығылып,
Деп ойладым: “Әжем мені іздесін”.
Оның мені сүйетінін ұғынып,
Сеземін ғой әсте күдер үзбесін.

“Мен мұндамын. Әжетайым, болма алаң,
Кешір мені тәтті жидек сыйлайын!”
дегенімде қарады да ол маған
Сездірді шын мейірімнің ыңғайын.

Сол мейірім қуат беріп көңілге,
Мен әжемнің сүйетінін ұғындым.
Қарамай-ақ шабындыққа, шөгірге
Жалаң аяқ шөп үстімен жүгірдім.

Ешкім маған ренжімейді енді ұрсып,
Балалық шақ әлі күнге жадымда-ақ…
Жаздың айы. Табан асты – мөлдір шық,
Келемін мен өткен күнге адымдап.

Бір қыз бала көз ұшында көрінді,
Шапқан шөптің исі мұрын жарады…
Елестетіп бала күнгі өмірді,
Уақыт қана зырлап ағып барады.

 

Әткеншек

Әткеншек тұр аулада,
Жиылыпты бар бала.
Шарықтай бер аспанға,
Көктің жүзін шарла да.

“Бұлтты ұстап алам!”
деп,
Қуат бітті маған бек.
Бас киімім жерге ұшты,
Таңғалып тұр анам кеп.

“Әуре болма текке кеп,
Бәріне зор еп керек.
Болу үшін ғарышкер
Әткеншекті тепкен ек…”
Тегі, ұнамай шамам бұл,
Шүйіліп тұр адам бір.
Ту биіктен көз салсам,
Әкем екен командир.

Маған қатты шүйлікті,
Асқақтаған күй бітті.
Дегенінде “Үйге қайт!”
Орындадым бұйрықты.

Асыр салып ойнадым,
Көк аспанға бойладым.
Жақсы болды ың-шыңсыз
Жерге қона қойғаным.

Күлбаршын. Мұқанова ақындығына қоса ән де шығарады. Жиырмаға тарта әндері бар екен. Ол өлеңдерімен де, әндерімен де бірнеше байқауларға қатысып, жүлделер де еншілегенін білемін. 2008 жылы Бурабайда “Ормандағы көл” әндер фестивалінде үш аталым бойынша жеңімпаз болды. Өткен жылы Алматыдағы “Таудағы жаңғырық” атты Халықаралық конкурста жолы болып, “Мен дәрігер боламын” әнімен лауреат атанды.
Оның кішкентай оқырмандарға арналған кітаптары әдемі суреттермен безендіріледі. Бұл орайда кітаптарын қылқаламмен көркемдеуге С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының суретшісі Людмила Манзюк көмек көрсетеді.
Орысша жазатын қазақ балалар ақынының жырлары үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығады. Баланың балдай тілімен сөйлей білетін Күлбаршынның өлеңдерін тыңдай да, оқи да бергің келетінінің бір сыры осында жатыр.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp