«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТРАКТОР-МАШИНИСТ КУӘЛІГІН БЕРУ ережесіндегі өзгерістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қабдөш ДАРБАЕВ,

облыстық аумақтық инспекцияның

бас маманы, мемлекеттік инженер-инспектор.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1556 Қаулысымен “Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, суландыру және жол-құрылыс машиналарын, сол сияқты өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесі” бекітілді. Бұл ереже 2013 жылдың 12 ақпанында күшіне енді.

Бекітілген ережелерге сәйкес куәлік алу үшін өтініш беруші емтихан қабылдау қосынына мына құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі немесе “Ауыл шаруашылығын механизациялау” біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасы және көшірмесі. Түпнұсқасы мен көшірмесін салыстырғаннан кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш иесіне қайтарылады;

 

3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы бұйрығына сәйкес медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерінде беріледі);

4) куәлікті бергені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы “Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы” Кодексімен бекітілген – 0,5 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) төменгі сол бұрышында ақ немесе түсті жолағы бар 3,5х4,5 см. көлеміндегі фотосурет;

7) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) ауыл шаруашылығын механизациялау мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсіби білім беру (арнайы оқу орындары, орта кәсіби оқу орындары) оқу орындарын бітірген тұлғалардан басқа, оқу ұйымының емтихан комиссиясының хаттамасы көшірмесі.

“Б” немесе “Д” санаттарымен куәлік алу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қосымша “А” және “В” немесе “Г” санаттарында көлік құралдарын басқарудың кемінде он екі ай өтілі болуы қажет.

Машиналарды басқаруға мыналарға құқық беріледі:

1) жасы он жетіге жеткен тұлғаларға – “А”, “В” және “Г” санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға;

2) жасы он сегізге жеткен тұлғаларға – “Б” және “Д” санаттарындағы машиналарды басқаруға құқық.

Куәлік беру құжаттар қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Ескі (тозығы жеткен) куәлікті ауыстыру (айырбастау) жоғарыдағы тармақтарда көрсетілген талаптар негізінде, оқудан өткені туралы диплом мен куәлік көшірмелерінен және емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмелерінен басқа құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Куәлік жоғалған жағдайда “Көшірме” белгісі соғылған куәлік былай беріледі:

– өтініш берушінің құжаттары қабылданған сәттен бастап тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген тұлғаларға екі жұмыс күні ішінде;

– өтініш берушінің арыздану орны бойынша куәлік берілгені туралы деректер болмаған жағдайда, куәлік берген емтихан қосынының куәлік беруді жазу кітабының негізінде өтініш берушінің құжаттары қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күннің ішінде.

Неғұрлым толық ақпараттар “Электрондық үкімет” сайтында орналасқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp