«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРМИЯМЫЗ АЙБЫНДЫ, ЕЛІМІЗ ЕҢСЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дулат ҒАБДУЛЛИН,

Петропавл қаласының Қорғаныс істері

жөніндегі басқармасының басшысы, полковник.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 1992 жылдың 7 мамырында құрылды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес биылдан бастап 7 мамыр – Отан қорғаушы күні жаңа мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Бұл мереке қазақстандықтардың Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын және ерлік істерінің жылнамасын бейнелейді.

Біздің ата-бабаларымыз кең-байтақ қазақ жерін “найзаның ұшымен, білектің күшімен” қорғаған. Бүгінгі Қазақстан – шекарасы мығым мемлекет. Біз Тәуелсіз елміз, оны қорғау үшін күшті армия қажет. Сүйікті Отанымызды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әрбір әскери қызметші еліміздің тәуелсіздігін, жеріміздің тұтастығын, халқымыздың мүддесін қорғайды. Болашақ жауынгерлер бойында әскери өмірдің қиыншылығына төзетін дене және психологиялық күш-жігер болуы тиіс. Олар осызаманғы қару-жарақтар мен техникалардың тілін меңгеріп, қатаң әскери тәртіпке бағынуы қажет.

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет Отан қорғаушы күнінде жауынгерлік парад өтеді. Офицерлер мен жауынгерлер еліміздің әскер қатарында Отанының нағыз патриоттары мен өз ісінің шеберлері қызмет ететінін паш етеді, олардың ұраны – “Күшті армия – Күшті Қазақстан” болмақ.

Отан қорғаушы күні қарсаңында барлық соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, әскери қызметшілерді, барша жерлестерімді осы мейраммен және Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі бейбіт аспан астында сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, молшылық тілеймін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp