«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!
Православиенің үлкен мейрамы – Нұрлы Иса пайғамбарға қайта жан біту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Пасха ықылым заманнан бері ең жоғары рухани құндылықтардың бейнесі болып табылады, адамдардың жүректерін кенен қуаныш пен сәулелі үмітке толтырады.
Мемлекет басшысы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың татулық пен келісімді нығайтуға айналған саясатының нәтижесінде Қазақстанда бүкіл ұлттар азаматтары мен діни конфессиялар құқықтарының теңдігі қамтамасыз етілді. Қазақстандықтар Құрбан айт пен Рождество сияқты ұлық мейрамдарды да бірге қарсы алады.
Қазақстан әрқилы діни конфессиялар өкілдерінің арасындағы жемісті үн қатысуды қызу қолдайды. ХХІ ғасырдағы өркениеттер үн қатысуын дамытудың өзіндік тұғырнамасына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер съездері біздің Астанамызда шақырылуда. Бұл – еліміздің дүниежүзілік қоғамдастықтағы жоғары беделінің паш етілуі.
Бүкіл конфессиялар өкілдерінің төзімділіктің, діни-адамгершілік жетілудің, ғасырларды жалғаған дәстүрлерге ұқыптылықпен және құрметпен қараудың мызғымас ұстанымдарын жақтауы алдағы уақытта да қазақстандықтардың топтасуына, елімізде бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына жәрдемдесе береді деп сенемін.
Үміт пен өмір салтанатының осы мерекесі Сіздерге тың күш беріп, жүректеріңізді жақсылық пен өзара түсіністікке толтыра берсін! Сіздерге, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық-саулық және бақыт тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp