«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢГЕ БОПСАЛАП КЕЛГЕН тағы бір мектеп оқушысы анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері мектеп оқушыларынан ақша талап еткен тағы бір жасөспірімді ұстады. 

Бұл оқиға жайында полицияға 15 жастағы баланың анасы хабарлаған. Ұлының 15 мың теңге сұрап келгені әйелдің күдігін туғызған. Баласынан бар мән-жайды сұрастырған соң Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармаға келіп, шағымданған. Бұл оқиға бойынша күдікті, 9-сынып оқушысы түскі уақытта облыс орталығындағы базарлардың бірінде қолға түсті. Анықталғандай, ол біраз уақыт бойы өзінен кіші балалардан ақша бопсалап келген. Бұған дейін құлаққалқан мен ұялы телефондарды талап етіп, кейін ақшаға көшкен. Күдіктіні ұстау кезінде одан 4 мың теңге тәркіленді.
СҚО ІІД-нің баспасөз
қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp