«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРТАПҚЫШТАРҒА ӨРІС АШЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында “Ұлттық зияткерлік меншік институтының” филиалы ашылып, аталған шараға “Даму” қорының филиалы да қатысты. Осыдан кейін жергілікті дайындаушылар мен өнертапқыштар өңірден шықпай-ақ өздерінің жаңалықтарын патенттей алады.

Облыстық филиалдың директоры гранттық қаржыландыруға айрықша назар аудара отырып, “Даму” қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламалары жайында айтып берді. Ақысыз және қайтарымсыз негізде гранттар беру өнертапқыштардың ой-мақсаттарын дамыту мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.
Сондай-ақ өнертапқыштардың айтуларынша, бұл мүмкіндік барынша қолайлы ой-пікірлер мен бастамаларды ұсынуға жағдай жасайды.
Аталған шараның барысында СҚО бойынша “Ұлттық зияткерлік меншік институты” филиалының директоры Мария Терехинаның кандидатурасын облыстық әкімдіктің жанындағы гранттарды іріктеу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамына енгізуге шешім қабылданды.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры”
АҚ өңірлік филиалының
баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp