«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ. ГЕРМАНИЯДА ЖАСАЛҒАН” КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

6-12 мамыр аралығында Петропавл қаласында “Жаңартылатын энергия көздері. Германияда жасалған” көрмесі өткізіледі. Көрме Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының екінші қабатындағы фойеде өтеді. Кіру тегін.
Астана қаласын “Болашақ энергиясы” тақырыбын ұстанған “EXPO – 2017” мамандандырылған халықаралық көрмесі өтетін орын ретінде таңдауға байланысты Германияның Астанадағы Елшілігі Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінің сегіз қаласында “renewables. Made in Germany” технологиялық көрмесін ұсынады.
DENA Герман энергетика агенттігі дайындаған көрме материалдары электр энергиясының сенімді және экологиялық өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңартылатын энергия көздерінің техникалық мүмкіндіктерін ұсына отырып, оларды пайдалану перспективасымен егжей-тегжейлі таныстырады.
Көрме Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен көрсетілетін болады.
6 мамырдағы сағат 15.00-де Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі істерінің Уақытша сенімді өкілі д-р Михаэль Банцхафтың қатысуымен көрме салтанатты түрде ашылады.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp