“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің кәсіпкерлік қызметінің аясы кең. Онда ет және сүт өнімдері өндіріліп, өткізіледі. Сондай-ақ асылтұқымды қашарлар өсіріліп, фермада жылқы түлігі бағылады.
Серіктестік “Даму” қорымен тығыз байланыс орнатудың және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының, соның ішінде “Бизнестің жол картасы – 2020” бойынша неше дүркін ынтымақтастық байланыстарының арқасында айтарлықтай табыстарға кенелді.
“БТА Банк” АҚ-ның кредит беруінің нәтижесінде “Зенченко және К” серіктестігі 8 пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен шаруашылықтың энергия тұтынуын үнемдейтін жел энергиясы қондырғыларын, жемазық өндіретін ауыл шаруашылығы техникаларының 17 бірлігін, 600 бас ірі қара алды. Кәсіпорын “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды тағы да пайдалана отырып, “Даму” қоры арқылы аталған мөлшерлемені 1 пайызға дейін арзандатты.
Жел энергиясы қондырғылары электр берілістерінің қолда бар тораптарына қосылатын болады. Коммандиттік серіктестіктің басшысы Геннадий Зенченконың айтуынша, аталған қондырғы шаруашылықтың мұқтаждықтарын толығымен қамтамасыз етеді. Бұған Елбасымыз Н. Назарбаевтың “жасыл экономикада” инновациялық жобаларды дамыту бойынша – энергияның “Биоэнергетикалық қондырғылар” баламалы, экологиялық энергия көздері мемлекеттік бағдарламасын бекітуінің нәтижесінде қол жеткізілді.
Соған қоса сиыр етін өткізу және сүт өндіру көлемін ұлғайту үшін жоба бойынша етті-сүтті тұқымды ірі қара алу көзделуде. Өнімдерді негізгі тұтыну көлемі отандық пайдаланушыларға арналған.
Бүгіндері “Зенченко және К” серіктестігі Солтүстік Қазақстандағы ең табысты шаруашылықтардың бірі екені баршаға аян. Серіктестік бұл табыстарға озық технологияларды қолданудың және табынның генетикалық өнімділігінің арқасында кенеліп отыр.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp