Жуырда Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті.
Шара барысында облыстық мәс-лихат депутаты, Қазақстан құрылысшыларының облыстық қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сергей Тимофеев бірауыздан қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ кеңестің мүшелері жаңартылды.
Қоғамдық кеңесте сөз алған департамент басшысы Павел Филиппов ТЖД-нің инспекторлар құрамы қоғамдық ұйымдармен бірлесе отыра тексеріс жүргізген облыстың нысандарын қайта тексеруді ұсынды. Бұл өз кезегінде қалалық және аудандық ТЖБ-да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, яғни тексеру, нысандарды қолдануға қабылдау кезінде жеке тұлғалардың мүдделері атынан шешім қабылдауға, кәсіпкерлік субъектісінің ісіне заңсыз араласуға жол бермеудің амалы болмақ.
“Дөңгелек үстел” қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің алдағы жұмыс жоспары жасалды.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp