«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (Бесінші шақырылымның XIIІ сессиясы)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы 2013 жылғы 19 наурыз №13/28        

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. “Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешіміндегі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдеде №1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдедегі №88 “Солтүстік Қазақстан”, №88 “Северный Казахстан” газеттерінде жарияланған): “Ережесі, Ереже, Ережелер, Ережелердің, Ережелерді” сөздері сәйкесінше “Қағидасы, Қағида, Қағидалар, Қағидалардың, Қағидаларды” сөздерімен ауыстырылсын.
2) “Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешім қабылдау Ережелері туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №20/10 шешіміндегі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 22 қаңтарда №1739 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 “Солтүстік Қазақстан”, №16 “Северный Казахстан” газеттерінде жарияланған): “Ережелері, Ережесі, Ереже, Ережемен” сөздері сәйкесінше “Қағидалары, Қағидасы, Қағида, Қағидамен” сөздерімен ауыстырылсын.
3) “Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы” атағын беру ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі №15/8 шешіміндегі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 мамырда №1712 тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы №67 “Солтүстік Қазақстан”, №67 “Северный Казахстан” газеттерінде жарияланған): “Ережесі, Ереже, Ереженің сөздері сәйкесінше “Қағидасы, Қағида, Қағиданың” сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының XIII сессиясының төрағасы
Р. ӘБДІРАХМАНОВА.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ. ЕДІРЕСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp