«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ 7 мамырда белгілі болады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

7 мамыр – Отан қорғаушы күні Петропавл қаласында қазақ күресінен “Қазақстан барысының” облыстық кезеңі өткізіледі. Бұл жерде жеңімпаз атанғандар елорданың “Сарыарқа” кешенінде өтетін “Қазақстан барысы” турнирінің ақтық сынына қатысу мүмкіндігін иеленеді.

Үстіміздегі жылғы “Қазақстан барысы” республикалық турниріне іріктеу 4 кезеңді қамтыды. Наурыз айының ортасында өткен І кезеңі ауыл-аймақтардағы жас таланттардың көзін ашу мақсатымен еліміздің әрбір нүктесінде іріктеу жүргізілді. 4 мың жас қатысқан іріктеу сынынан іркілмей өткен балуандар аудандық сайысқа қатысу мүмкіндігін иеленді. Наурыздың 15-30 күндері аралығында өңіріміздің әрбір аудан орталығында ұйымдастырылған сайыстың ІІ кезеңінде жеңіске жеткендер облыстық кезеңге жолдама алды. Бір атап өтерлігі – үстіміздегі жылғы сайыс іріктеу сайыстары жоғары деңгейде өткізілді. Жеңімпаздардың иықтарына шапан жабылып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мысалы, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда үздік атанған балуандарға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық салтанатты түрде табысталды. Екінші кезеңнің ақтық ойындары сәуір айының басында өткізілген спортта дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта Рүстем Жұмаев чемпион атанып, Айбек Хырыхбай – екінші, ал Владимир Иванов үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға тиісінше 150, 80 және 50 мың теңге көлемінде сыйлық табыс етілді.
Әр ауданда жүргізілген іріктеу турнирінен сұрыпталған үздіктерге облыстық сайысқа жолдама берілді. Бұл кезеңде әр облыстың намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болып, ең үздік 2 балуан республикалық турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

СҚО Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының
баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp