Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Ресейдің Дондағы Ростов қаласында грек-рим күресінен өткізілген халықаралық жарысқа Қазақстаннан, Бела-русьтен, Украинадан, Литвадан, Латвиядан, Армениядан, Молдавиядан және Израильден 150-ден аса жасөспірім балуан тоғысты.
Осы үміткерлердің арасында “Күрес” балалар мен жасөспірімдер мектебінен Ерболат Өркешевтің шәкірті, Бескөлдегі “Парасат” мектебінің оныншы сынып оқушысы Аманғали Бекболатов және спортта дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт-интернаттан Ра хат Манас пен Мирас Рахметуллаев та сынға түсті. Әлем елдерінің бірқатар беткеұстар жас балуандарымен белдесуде біздің аталған бозбалала-рымыздың жолы болды. Атап айтқанда, 46 килограмм салмақта күрескен А. Бекболатов күміс жүлдені еншілесе, оның екі серігі өз салмақтарында қола алқаға қол жеткізіп қайтты.