«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМІМІЗ АСҚАҚТАЙТЫН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Данияр ӘБУТӘЛІП,

“Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Отан қорғаушы күні – ел азаматтарының отаншылдық сезімін асқақтататын айрықша мәнге ие күн. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған.

Қазіргі кезде әскердегі бозбалалардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді сарбаздар тәрбиеленуде. Осы орайда бүгінгі жастардың осындай қасиеттерін баулу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

Елбасымыз елдегі барлық өзгерістер, жас қазақстандықтар болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалатындығын айрықша атап көрсеткен болатын. Сондықтан ол ең алдымен жастарды бүгінгі таңда елімізде болып жатқан үдерістерге белсене араласуға шақырады.

 

Әр жастың бойында өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына жауапкершілігін сезіндіретін іс-қимыл жүйесін жасауымыз керек. Әрбір жастың санасына бала кезінен бастап “Қазақстан – менің Отаным! Мен Отанымның алдында борыштармын” деген ойды сіңіру қажет. Бүгінде оқушылар мен студенттерге отаншылдық тәрбие беруден батыр бабаларымыздың халықтық дәстүрге негізделген ерлік дәстүрлерін насихаттау барынша нығайып келеді. Осы мақсатта Ұлы Отан және Ауған соғыстарының ардагерлері, Отан қорғаушы әскери азаматтар бүгінгі жастарға үлгі болуы тиіс.

Бүгінде жастардың денсаулығы – қоғамымыздың аса маңызды мәселелерінің бірі. Елбасымыз Үкіметке мектеп оқушылары үшін оқудан тыс спорт үйірмелерін ашу, өңірлерде студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, студенттер мен жасөспірімдер клубын құруы бойынша тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалардың тиянақты орындалуы және “Жас Отан” жастар қанатының облыс орталығында спорттық шаралардың жиі өткізілуіне мұрындық болуы өңір жастарының спортпен белсенді шұғылдануына, олардың өз өмірлеріне деген көзқарасының өзгеруіне септігін тигізуде.

Сонымен қатар “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің патриоттық сезімін арттыру мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Арнайы мерекелік шаралар жоспары жасалды. Жуырда “Ардагерлерді ардақтайық!” атты жоба жүзеге асырыла бастады. Қолға алынған жобаның басты мақсаты – халықтың көмегі мен қолдауына мұқтаж топтарға қол ұшын созу, өскелең ұрпақ арасында ҰОС жылдарындағы аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін насихаттау. Сондай-ақ өңірдің белсенді жастары Отан қорғаушы күніне орай арнайы байқау өткізеді. Оған өңірдің жастар ұйымдарының барлық мүшелері, белсенді жастар мен мектеп оқушыларын тарту көзделген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp