«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЖЕЛГІ ӘСКЕРИ ӘНДЕР бүгінгі ұрпақты да баурап тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеңіс күніне орай облыстық Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында сахналандырылған әскери әндердің облыстық байқауы өтті. Оған орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Балалар соғыс әндерін шырқады. “Әскери жол” атты бөлімінде жаяу әскер, артиллерия, әуе күштері және басқа әскерлер жайында өнер көрсетті. Баршамызға танымал “Аист на крыше”, “Темная ночь”, “День Победы”, “Журавли” және “О героях былых времен” әндері әуелеп, жан тебірентті. Облыс орталығындағы №6 қазақ орта мектебінің оқушылары әзірлеген әскери әндерге попурри де ерекше шырқалды (жетекшілері Жанар Ахметова мен Надежда Борисова).  

Байқаудың бас жүлдесі №8 эстетикалық бағытта тәрбие беретін мектеп-кешеннің оқушыларына бұйырды. 1-орынды “Весна 45-го года” әнін шырқаған Қызылжар ауданындағы Архангелка орта мектебінен келген балалар мен облыс орталығындағы №1 мектеп-интернаттың оқушылары жеңіп алды. Тайынша қаласының №3 орта мектебі мен Тайынша ауданындағы Летовочное орта мектебінің “Үміт” вокалды-хореографиялық студиясы және облыс орталығындағы №6 қазақ орта мектебі – 2-орында. Аққайың ауданындағы Тоқшын мектеп-гимназиясының, Петропавл қаласындағы №2 орта мектебінің және Қызылжар ауданындағы Кондратовка орта мектебі үшінші орынға лайық деп танылды. “Орындау шеберлігі үшін” аталымында Петропавл қаласындағы №21 орта мектептің “Забияки” ансамблі, №42 мектептің және Петерфельд орта мектебінің таланттары топ жарды.

Суреттерді түсірген  

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp