Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаеваға генералдық погондар тапсырды.
Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет әйел азаматшаға генералдық атақ беріліп отыр.
Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалған. Оның “Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері” (2001) атағы бар, “Ерен еңбегі үшін” (2005), “Астананың 10 жылдығы” (2008), “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” (2011), “Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл” (2011) медальдарымен марапатталған. Тұрмыста, екі баласы бар.