«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰРАҚ – ЖАУАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдар бүгінгі таңда қандай жәрдемақылар алады?

– Қазақстанда қолданылатын еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі мыналарды қамтиды:

1) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 9 АЕК ( №1 Тізім үшін) және 8 АЕК (№2 Тізім үшін) мөлшерінде төленетін мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы;

2) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде төленетін базалық зейнетақы төлемі;

3) 63/58 жасқа толғанда және 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай еңбек өтілі болған кезде төленетін ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

4) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) қатысып, қызметкердің жалақысынан ЖЗЖ-ға 10% мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жүзеге асырған кезде төленетін жинақтаушы зейнетақы;

5) жұмыс берушілер ЖЗҚ-ға өз бастамасы бойынша өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті кәсіптік жарналар (ЕКЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы. ЕКЗЖ мөлшерлемесі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді және қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-нан аспауға тиіс.

 

6) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

7) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері.

– Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде қандай өзгерістер болады?

– Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік схемасы тиісті деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53/55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп жоспарланған. Бүгінгі күні 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы ерікті кәсіптік зейнетақы жинақтарынан міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарына көшу туралы ұсыныс енгізді.

Енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15% зейнетақы жарналары түсетін болады, оның 10%-ы – қызметкердің ЕТҚ-нан МЗЖ және 5%-ы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшін:

1) базалық зейнетақы төлемдері;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай өтілі болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері сақталады.

– Өз бетінше жұмыспен айналысатын тұрғындарды алда не күтеді?

– Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны – 8,5 млн. Олардың ішінде өткен жылы бір рет те болса МЗЖ аударған салымшылардың саны 5,7 млн. адамды құрады. Бұл ретте зейнетақы жарнасын жылына 12 рет жүзеге асырған салымшылардың (белсенді төлеушілер) саны 3,7 млн. адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 41 пайызын құрайды.

Бұл өзекті проблема болып табылады.

Егер қазіргі кезде осы проблеманы шешу бойынша тиісті шаралар қабылданбаса, еліміздің тұрғындарының көпшілігі зейнетақымен қамсыздандырудың бара-бар деңгейі үшін жеткілікті зейнетақы жинақтары көлемін жинақтай алмайды және келешекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қатарын толықтыратын болады.

Мәселен, қазіргі таңдағы өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың басым бөлігі зейнетақы жарнасын рұқсат етілген шеңберде төлейді, яғни жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызы. Осылайша, жылына ең төменгі жалақының 1,2 еселенген мөлшерін төлейді (немесе биылғы жылды алсақ, кемінде 23 теңгеден).

35 жыл ішінде салымшының жалпы жинақ сомасы 42 еселенген ең төменгі жалақыны құрайды. Мұндай жинақтар ең төменгі жалақы мөлшерінде 3,5 жылға зейнетақы төлеуге жетеді.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар зейнетақы жүйесіне қатыспаған жағдайда, зейнетақы жасына жеткеннен кейін оларды ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы күтеді.

Осы проблеманы шешу үшін мынадай шаралар жоспарланады:

– өз бетінше жұмыспен айналысатындар мәртебесін нақтылау және оларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту жөнінде жүргізілетін шараларға қарай (“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының шеңберінде) өз бетінше жұмыспен айналысатындар мәртебесін алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті қатысу туралы талап енгізілетін болады;

– 2017 жылдан бастап, жарналарды төлеу тәртібін өзгерту жоспарланады: өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар бүкіл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиіс болады.

– ең төменгі кепілдіктер жүйесі өзгертіледі. Базалық зейнетақы төлемі кемінде 5 жыл ЖЗҚ қатысушысы болып табылатын зейнет жасына жеткен өз бетінше жұмыспен айналысатындарға берілетін болады.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp