«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕГЕН ЗАКАРИЯНОВ – Петропавл қаласының әкімі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен бесінші шақырылымдағы Петропавл қалалық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Болат Жұмабековтің отставкаға кетуіне байланысты депутаттар жиналысының күн тәртібіне Петропавл қаласының жаңа әкімін тағайындау мәселесі қойылды.

Өңір басшысы Самат Ескендіров қалалық мәслихат депутаттарының қарауына бұл қызметке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі болып істеген Төлеген Закарияновтың кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар Төлеген Закарияновты қала әкімі етіп тағайындауға бірауыздан келісім берді.

 

Облыс әкімі одан кейін қала активіне өз өкімімен Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалған Төлеген Закарияновты таныстырды.

Самат Ескендіров Төлеген Закарияновтың қызметтік өсу жолына, оның іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттеріне тоқталды. Сонымен қатар қаланың жаңа әкімі мен жергілікті билік органдарының алдына бірнеше міндеттер қойды.

– Алдағы уақытта Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берілуі тиіс. Облыс орталығында машина жасау, өңдеу өнеркәсібінің салалары қарқынды дамып келеді, өңіріміздегі шағын және орта бизнестің негізгі кәсіпорындары осында шоғырланған. Қаланы дамытуға инвестиция тарту көлемін өсіру де кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады, – деді Самат Сапарбекұлы. – Былтыр облыс орталығында 14,7 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, 2011 жылмен салыстырғанда 40 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Биыл да бұл қарқын сақталуы тиіс.

Облыс әкімі шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, өзіндік кіріс базасын нығайту, “Жұмыспен қамту – 2020”, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, қаланы көркейту, көгалдандыру, көше жолдарын жөндеу жөніндегі жұмысты жалғастыру, балдырғандарды мектеп жасына дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту көрсеткішін жақсарту, саяжай серіктестігінің қызметін кеңейту, келесі жылыту маусымына дайындық, қала әкімінің есепті кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды орындау мәселелеріне тоқталды.

Петропавл қаласының жаңа тағайындалған әкімі Төлеген Закариянов өзіне көрсетілген зор сенім үшін алғыс білдіріп, оны ақтау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

 

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp