«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМЫЗ ТАЗАРА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Қошан ҚАЛИ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығында санитарлық тазалық және абаттандыруға байланысты сенбілік жалғасын тапты. Оған қоса дәл осы күні “Таза Жеңіс” жастар акциясы өткізілді.
Оның мақсаты – қаламыздағы ескерткіштердің, саябақтардың, шағын бақтардың аумақтарын тазартып, тәртіпке келтіру.
Петропавл қаласындағы колледждердің 200-ден аса студенті сенбілік күні Жеңіс саябағында және эвакуациялық госпитальда қаза болғандарға қойылған ескерткіштердің аумақтарында 500 түп қайың және 20 түп шырша отырғызды.
Осынау игілікті шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері де атсалысты. Олар қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, 130 түп алма отырғызды. Қаламызда сенбілікке арналған үшайлық кезінде оны көркейтіп, жақсарта түсу үшін әлі де көптеген жұмыс атқарылмақ.
СУРЕТТЕ: Жеңіс саябағында жастар ағаш отырғызуда.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp