«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРІМІЗ – халқымыздың қаһармандық дәстүрінің лайықты мұрагері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еркінбек БАЙБОЛОВ,

облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент

бастығы.

1992 жылдың 7 мамыры күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” және алғашқы Қорғаныс министрі етіп С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып тарихта қалды.

Отанды абыроймен қорғаудың түп негізі халқымыздың дәстүрінен, тарихынан бастау алады. Себебі, қолына қару ұстаған ел батырлары қашанда қазақ жерін шапқыншылардан қасық қаны қалғанша қорғап отырған.

Отан қорғаушы мерекесін Қазақстан азаматтары еліміздің Қарулы Күштерімен, офицерлік намыспен, Отанды қорғауды өмірлік негізі еткен ел қорғаушыларымен байланыстырады.

 

Жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқының қауіпсіздігін Қарулы Күштер сарбаздары қорғап келеді. Отан алдындағы әскери борышын өтеу әрбір қазақстандықтың конституциялық міндеті болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгендігімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады. Сөйтіп, елде тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілік сақталып, ұлтаралық татулық пен ауызбірлік нығая түсуде.

Отандық әскери білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, білім сапасын арттыру, жалпы кәсіби мамандар даярлау мәселесі Қарулы Күштеріміз құрылғалы бері мықтап қолға алынды. Әскери кадрларды даярлау жүйесін кезең-кезеңмен жетілдіру әлемдік үрдіске сәйкес отандық әскери білім мен ғылымның үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өйткені, Қарулы Күштердің қуаты білімде екенінде дау жоқ.

21 жыл ішінде өз армиямыз құрылып, ол заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа Әскери доктрина бекітілді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері халқымыздың қаһармандық дәстүрінің лайықты мұрагерлері болып табылады. Бүгінде әскерді жарақтандыру үшін қаражат бөлініп, жеке құрамы қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етіліп отыр. Біздің міндетіміз – шекарамызды, Тәуелсіздігіміз бен халқымыздың тыныштығын бұзудың кез келген әрекетіне тойтарыс беруге дайын тұратын ықшам, мықты армияны құру.

Осы орайда облысымыздың Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармалары мен бөлімдерінің әскерилері Қарулы Күштердің мәртебесін және әскери қызметтің абыройын көтеріп, өскелең ұрпақ өкілдері арасында әскерилер өмірін насихаттап жүр.

Соғыс және тыл ардагерлерін, әскери борышын өтеп жүрген әскерилерді батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp