Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін бірқатар әскери қызметшіге мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Атап айтқанда, ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен ҚР Қарулы Күштері “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Т.Қойбақов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаев марапатталды.
ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары А.Боданов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері №36855 әскери бөлімінің командирі Е.Ермекбаев, бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қ.Игембаев, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің басқарма бастығы Б.Ысмайылов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті “Арыстан” қызметі басқармасының аға офицері Б.Қапаров, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы С.Көдебаев, ҚР Ішкі істер министрлігі “Сұңқар” арнайы мақсаттағы жасағының командирі Д.Құрмашев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жеке авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары М.Мұсабеков марапатталды.
ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ №45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы Ә.Айтбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері №68665 әскери бөлімі десанттық-шабуылдаушы ротасының аға техник-жүргізушісі А.Караваев, Аэроұтқыр әскерлері сержанты – ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының бөлімше бастығы Р.Сүйіндіков марапатталды.
“Ерлігі үшін” медалімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға шебері Қ.Жаныспаев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ Мамлют ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Қ.Майсейітов марапатталды.
“Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері №83205 әскери бөлімінің командирі А.Әбдірахман, ҚР Президенті Күзет қызметі департаменті бастығының орынбасары Е.Жарқымбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас басқарма бастығы М.Жетімеков, Республикалық ұлан №0111 әскери бөлімі батальонының рота командирі Р.Кененбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері №97617 әскери бөлімі зениттік зымырандық дивизионының командирі Д.Шевченко марапатталды.