«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР МЕДБИКЕЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінде орта буын медицина мамандарының тұңғыш облыстық форумы өтті. Шараға облыстың барлық аудандарынан және Петропавл қаласының ауруханаларынан 100-ден астам делегат қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Жиынды ашқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Анатолий Ко медбикелерді төл мерекелерімен құттықтады. Өңірдің бас дәрігерінің айтуына қарағанда, қазіргі таңда облыста орта буындағы медицина мамандарының саны 5243 болса, оның 4 мыңға жуығын медбикелер құрайды.
Форумда мерекенің шығу тарихы мен орта буын медицина мамандары жұмысының маңыздылығы жайлы сөз қозғалды. Баяндамашылардың келтірген ақпарлары бойынша, медбике ісінің пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингейльдің есімімен тікелей байланысты. Ол Қырым соғысы кезінде тұңғыш рет медбикелер қызметін ұйымдастырған. Халықаралық медбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның туған күнін Халықаралық медбикелер күні деп қабылдағандығы тілге тиек етілді.
Сондай-ақ шара барысында медицина колледжінің оқытушылары Галина Комарова мен Светлана Әбілғазина “Медбике ісіндегі этикалық қағидаттар” және “Жалпы адами құндылықтар – өмір негізі”, ал облыстық аурухананың бас медбикесі Ирина Зайнутдинова “Медбике ісіндегі қатынас психологиясы” тақырыбында баяндама жасады.
Салтанатты шара соңында Анатолий Ко денсаулық сақтау ісіне қосқан елеулі үлестері үшін 38 орта буын қызметкеріне Құрмет грамоталарын табыс етті.
Шара соңында ақ халатты абзал жандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp