«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыш пен гербицид түрлерi;
2-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары;
3-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары;
4-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 килограмына (литрiне) арналған субсидиялар нормалары.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3.Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков
2013 жылғы «____» _____________
Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылғы 26 сәуірде облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2256.