«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НҰР ОТАН” ХДП САРАПШЫЛАРЫ ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІН ЗЕРТТЕМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының “Қорғаныс қабілетін және қауіпсіздікті нығайту” бағыты жөніндегі сараптама тобы әскери қылмыстың себептерін зерттемек. Бұл туралы кеше топ отырысында осы бағыттағы куратор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
“Әскери тәртіпті нығайту мәселесі аса үлкен маңызға ие болып отыр. Біз болашақта әскери прокуратурамен бірге әскери қылмыстың түп-төркінін терең зерттеуді көздеп отырмыз”, – деді Қ.Сүлейменов.
Сонымен қатар ол құрамында құқық қорғау органдарының, қорғаныс күштерінің, азаматтық қорғаныс және күштік құрылымдардың басшылығы кірген сараптама тобы ашықтық принципіне сүйене отырып, елдегі азаматтық қоғаммен қарым-қатынас орнатуды алдына мақсат етіп отырғандығын атап өтті.
“Мемлекет қорғанысы және қауіпсіздігінің тиімді басқару жүйесін құруға ауқымды күш-жігер салған Президент патриотизмді дәріптеуге және осы іске барлық қазақстандықтарды тарту жөнінде жиі айтады. Осыған орай біз топтың жұмыс кестесіне бірқатар тиісті пункттерді енгізіп отырмыз”, – деп атап көрсетті ол.
Оның айтуынша, әскери қызметшілердің әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp