«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Төлеген Қабыкенұлы Закариянов Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Т.Қ.Закариянов 1961 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін бітірген. Заңгер, экономика бакалавры мамандықтарына ие, экономика ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын халық депутаттары Целиноград облыстық кеңесі атқару комитетінің ішкі істер басқармасы Совет аудандық ІІБ тергеушісі болып бастады. Халық депутаттары Көкшетау облыстық кеңесінің атқару комитеті ішкі істер басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға тергеушісі болып істеді. Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, прокурордың көмекшісі болды.

Коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.

Тимирязев ауданының әкімі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюжеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары болды.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып еңбек етті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp