«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл аудандық ішкі істер бөліміне аудан орталығы – Явленка ауылының тұрғыны хабарласып, өзінің отбасын өрттен аман алып қалған тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді. 

Аудандағы отбасылардың бірі тілсіз жаудың құрбаны бола жаздап, қырағы тәртіп сақшыларының арқасында аман қалған. Оқиға сәуірдің 22-нен 23-іне қараған түні орын алған. Алғыс иесі Ирина Кулакованың айтуынша, апат түнде болған, осы кезде өзі, кәмелетке толмаған үш қызы мен зейнеткер әкесі шырт ұйқыда болған. Үй иесі тәртіп сақшылары уақытында келмегенде, өрт ішінде қалар ма едік деп, сол түнді қорқынышпен еске алады. Монша күл-талқан болса да, әйтеуір, үй мен оның тұрғындары дін аман. Оларды дер кезінде оятқан учаскелік инспекторлар бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласып, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп кеткен.
Тәртіп сақшылары сол түні “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасымен күшейтілген жұмыс бабында болған. Учаскелік полиция инспекторлары Жанат Рамазанов, Еркебұлан Дошанов, Жәнібек Байзақов пен Жанар Бәкеева көшедегі тәртіптің сақталуын қадағалап жүргенде өртті көздері шалған. Олар тілсіз жаумен күресіп болған соң өз қызметтерін атқару орындарына аттанып кеткен.
“Бұл адамдарға алғысым шексіз. Олар түн ортасында бізді оятып алып, қауіпсіз жерге шығарды. Кейін өздері де өртті сөндіруге кірісіп кетті. Егер олар болмағанда, кім білсін, апаттың арты үлкен шығынға келтірер еді. Қол ұшын берген полицейлер басқаларға өнеге болуға тұрарлық. Құқық қорғау қызметкерлерінің барлығы да осындай болса екен”, – деп ағынан жарылды Ирина Кулакова.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp