«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕР АНАТОЛИЙ ОВСЯННИКОВ – мақтанышымыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ӘБІШЕВ,

Аққайың аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің басшысы.

Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында сол бір “толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған” жылдарды еріксіз еске аламыз. Соған орай мен Солтүстік Қазақстан облысының Естелік кітабына есімі жазылған майдангер, Ұлы Отан соғысы мен өртке қарсы қызмет органдарының ардагері Анатолий Овсянников туралы айтқым келеді.

Анатолий Дорофеевич 1925 жылы 14 сәуірде Ресейдің Николаев қаласында дүниеге келген. 1941 жылы ол қалалық әскери комиссариат арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылыпты. Жауынгер соғыстың алғашқы күнінен соңғы күніне дейін қатысып, алапат шайқастардың ауыр жолдарынан өткен.

Анатолий Овсянников бірінші және екінші Украин майданында Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған.

 

Дүлей толқынды Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Анатолий Дорофеевич ІІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталды. Осынау су бөгетінен өту Отан үшін от кешкен жауынгерлердің жанқиярлығын танытты. Днепрдегі жеңіс Киевке жол ашты, оны азат ету 6 қарашада аяқталды.

1944 жылы Украинаның оңтүстігін жаудан босату операциясы басталды. Анатолий Овсянников Корсунь-Шевченко операциясы кезінде жау тобын қоршауға алып, жойып жіберу ұрыстарына қатысты. Ол Украин майданының жауынгерлерімен бірге Карпат тауының бөктеріне жетіп, кейін КСРО-ның мемлекеттік шекарасына шықты. Осы жылдары оның наградаларына ІІ дәрежелі “Отан соғысы” ордені, “Украинаны жаудан азат еткені үшін”, “Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков” медальдары қосылды. Одан кейінгі мерекелік медальдардың өзі бір төбе.

Соғыс аяқталғаннан кейін Анатолий Дорофеевич Қазақстанның қиыр солтүстігіндегі Совет (қазіргі Аққайың) ауданының орталығы – Смирново ауылына қоныс тепті. Ол 1970 жылдан 1985 жылға дейін сондағы №11 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып еңбек етті. Қазір қарт майдангер осы ауданның Черкасское ауылында жиенімен бірге түтін түтетіп жатыр.

Отан соғысының отты жылдары, оның қатал сынақтары мәңгі бақи жадымызда сақталады, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалады. Шын мәнінде ауқымы мен маңызы жағынан Ұлы Отан соғысы болған, кез келген отбасына қайғы-қасірет әкелген қанды шайқас жайлы естелік адамдардың жүрегінде жатталады. Сол майданда “ жауынгер етігімен бүкіл Еуропаны басып өткен” Анатолий Овсянников сынды ардагерлер әрқашан да мақтанышымыз болып қала бермек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp