Облыс орталығындағы “Алтын бесік” балабақшасында Жеңіс күніне орай таңертеңгілік өтті.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Шара барысында бүлдіршіндерді атаулы мейраммен құттықтай келген аталары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нөркеш Сағдат пен Иван Маловичко балабақша тәрбиеленушілеріне алғыстарын айтып, Қазақстанның аспаны әрқашан ашық болсын деген ортақ тілектерін жеткізді.
Таңертеңгілік барысында әскери шеруге шығып, қоян-қолтық ұрыстың үздік үлгісін көрсеткен №6637 әскери бөлімінің сарбаздары шараның көркіне айналды. Тіпті, шара соңында балақайлар сарбаздармен бірге балабақша алаңында өткізілген шеруге де қатысты.
Осылайша “Алтын бесікте” өткен салтанатты шараның соңы ән-жырға ұласып, естелік фотосуретке түсумен аяқталды.