1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері “Қазақтелекоммен” Бескөл ауылының тұрғындары үшін бірлесіп “Ретро Party” іс-шарасын өткізді.
Бұл күні Бескөл ауылының орталық алаңындағы сахнада дирекцияның жас қызметкерлері өткен ғасырдың әндері мен билерін орындады. “Ретро Party” қонақтарына жүлделер, ұтыс ойыны, конкурстар және “Қазақтелеком” АҚ қызметтері және жалпы телекоммуникация туралы сұрақтар мен викториналар ұсынылды, ал балаларға ойындармен бөлек алаң ұйымдастырды. Бескөл ауылының тұрғыны Юрий Чубыгин Қызылжар ауданында “Megaline” қызметін ең ұзақ пайдаланушы екен. Ол бұл күні планшетті компьютер иегері атанды. Сонымен қатар мереке қонақтары “Қазақтелеком” компаниясының қызметкерлерінен “Толқынға ілес” акциясы туралы, тиімді топтама ұсыныстары толық ақпарат алу, қызметтерді қосуға тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бескөл ауылының тұрғыны Альфия Байтекеева “Қазақтелеком” осы көктемгі шуақты күні барлық қызылжарлықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады”, – деп өз пікірімен бөлісті. “Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. “Қазақтелекомға” рақмет – Сіздер ең жақсысыздар!” – деді ол өз сөзінде.
Солтүстік Қазақстан ОТД облыс тұрғындары үшін осындай шараларды үнемі өткізуді жоспарлап отыр.