«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰҒАН ДЕЙІН “ТОП ЖАРЫП” КЕЛГЕН Тайынша ауданының жағдайы күмәнді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Өңір басшысы Самат Ескендіров барлық аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режімде кеңес өткізді. Онда 2013 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жан-жақты талдау бойынша облыстық және аудандық бюджеттердің орындалу нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекақы бойынша берешек жағдайы талқыланды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров өз баяндамасында үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында кейбір аудандардың жергілікті бюджет бойынша міндеттерін қажетті деңгейде орындамай отырғандығын атап өтті. Мәселен, жоспар бойынша Тайынша ауданының бюджет көлемі 148 млн. теңге болғанымен, 2013 жылдың 1 мамырына дейінгі жүргізілген тексеріс соның 3,5 млн. теңгесі әлі игерілмей отырғандығын көрсеткен. Сондай-ақ жергілікті бюджет Жамбыл ауданында – 12 млн. теңгеге, Айыртауда – 19 млн. теңгеге, Есілде 5 млн. теңгеге игерілмеген.

 

 

Тайынша ауданы облыстық бюджет бойынша 72 млн. теңге қаржыны игермеген. Жыл басынан бері аталмыш аудан бұл мәселені шешу жөнінде қажетті жұмыс жүргізбеген. Бюджеттің кіріс бөлігін игеру де өткен IV тоқсанда сылбыр жүргізілген. Аудан әкімі Иван Турков мұны шешу үшін жергілікті деңгейде жалақының орташа деңгейін 80 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлаудамыз, деді. Алайда, Самат Ескендіров аталмыш ауданда осы күнге дейін жалақыны мүлде төлемеген, соның салдарынан жеке табыс салығы көрсеткішін төмендетіп жіберген кәсіпорындарды тізіп, олардың жұмысын сынға алды. Өткен қаңтар мен ақпан айларында орташа еңбекақы көлемі 28 мың теңгеден аспаған кәсіпорындар да осы ауданда. Өңір басшысы Тайынша ауданындағы жағдайды реттеу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровқа жұмыс тобын жасақтауды тапсырды.

Бюджет қаражатын уақтылы игермеу салдарынан аудандар бойынша ірі көлемде берешек орын алған. Бұған мемлекеттік сатып алу жөніндегі ресімнің кеш немесе дұрыс өткізілмеуі де жол беруде.

Облыстық бюджеттің толық деңгейде орындалуы жеке кіріс салығының түсімімен анықталады. Аудандар жұмысының салғырттығы елді мекендерде берілетін еңбекақы мөлшерінің аздығынан да байқалды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Ақжар, Шал ақын, Айыртау, Тимирязев және Жамбыл аудандарында орташа жалақы 35 мың теңгеден аспайтын агроқұрылымдар бар. Кеңес барысында аудан әкімдеріне жалақыны уақытында бермеген кәсіпорындар жағдайын түзету жөнінде тапсырма берілді.

Жер салығы бойынша да кемшін тұстар жетерлік. Агроќұрылымдар басшылары жер салығын уаќтылы төлемей отыр. Соның салдарынан көрсеткіштер де төмендеп кеткен. Тайынша, Аќжар, Уәлиханов, Шал аќын, Мағжан Жұмабаев аудандары бойынша ќарыз 90 миллион теңгеден асќан. Әлеуметтік салыќ та мерзімінде төленбеген. Бұл аздай, аталған саладағы ісќағаздар да дұрыс толтырылмайды. Электрондыќ ќұжатќа көшкендердің саны аз. Әлі күнге ќағазбастылыќпен айналысып отырған аудандар бар. Мәселен, электрондыќ ќұжатпен жұмыс атќаратын аќжарлыќтардың үлесі 2-аќ пайыз. Ауданның жеке-меншік кәсіпорындары мен серіктестіктерінің жұмысшылар алдындағы ќарызы да шаш-етектен. Мағжан Жұмабаев ауданы облыста алдыңғы ќатардағы өңірлердің бірі болғанымен, соңғы кезде әлеуметтік-экономикалыќ дамуы жағынан ќарќыны бәсеңдеген. Жиын барысында аудан басшысының жұмысы сынға алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp