«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданының орталығында Жеңіс күнінің 68 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне орай ауданның орта мектептері арасында жас өртсөндірушілер жасақтарының сайысы өткізілді. Аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлім мен №15 ӨСБ қызметкерлері ұйымдастырған шараға аудан мектептерінің 9-10-сынып оқушыларынан жасақталған 6 команда қатысты.

Сайыстың мақсаты – балалардың отпен ойнауына жол бермеу, алдын алу, өрт болған кезде не істеу керектігі жөнінде түсіндіру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бағытындағы білімдерін тереңдету.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Мамлют мектеп-гимназиясы командасының жас өртсөндірушілерінің көрсеткіштері басым болып шығып, бірінші орынды иеленді. Ал екінші орын Воскресеновка орта мектебіне бұйырса, жүлделі үшінші орын №3 Мамлют орта мектебінің жас өртсөндіруші жасақтарының еншісінде болды.
Жеке көрсеткіштер бойынша өнер көрсеткен құтқарушылардың арасында №1 Мамлют мектеп-гимназиясының оқушысы Сергей Калиниченко мұнараға сатымен өрмелеуден алдына жан салмады.
Жарыс жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Ал жалпыкомандалық есепте үздік атанған құрамаға ауыспалы Кубок табысталды.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp