«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Еліміздің ең басты әрі маңызды мерекелерінің бірі – Жеңіс күні құтты болсын!

Содан бері 68 жыл өте шығыпты, әйтсе де өзінің Отанын және бүкіл Еуропаны фашистік басқыншылардан азат еткен халықтың ұлы ерлігін жылдар көмескілей алмайды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс халықтың, майдан мен тылдың бірлігінің, ұрыс даласындағы жаппай қаһармандық және еңбектегі ерліктің нәтижесі екендігі шүбәсіз.

Солтүстік Қазақстан облысының өзінен ғана әрбір төртінші тұрғын Отан қорғау үшін әскер қатарына шақырылды. Он мыңдаған адам жоғары наградаларға ие болды, олардың ішінде 64 жерлесіміз Кеңес Одағының Батырына және Даңқ орденінің толық иегерлеріне айналды. Солтүстікқазақстандықтардан жасақталған әйгілі 314-ші атқыштар дивизиясы 20-дан астам қала мен 1000-нан астам елді мекенді басқыншылардан босатты.

 

Соғыс жылдарында Петропавлға көшірілген 20 зауыт пен фабрика жұмыс істеді, бірқатар әскери госпитальдар орналастырылды, жылы киім-кешек және азық-түлік вагон-вагонымен майданға жөнелтілді.

Ұлы Жеңіс болашаққа үмітті оятты, қаншама ұрпақтың бейбіт те жарқын тұрмысына қол жеткізді. Мемлекет басшысы – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саясаты нәтижесінде біз бүгінгі таңда тату-тәтті, тұрақты, еркін және өркендеу үстіндегі елде түтін түтетудеміз. Қазақстан ядролық қаруға қарсы қозғалысты бастап келеді және ядролық қарусыз қоғам орнатуды берік жақтаушының үлгісі болып табылады.

Сол соғыстың көзі тірі қаһармандары – біздің ардагерлеріміз. Бейбіт заманда ғұмыр кешіп, ұрпақ өрбітіп отырғанымыз және болашағымызға сенімді түрде қарайтынымыз үшін оларға алғысымызды арнаймыз. Олар қазірдің өзінде, құрметті еңбек демалысында болса да, қоғамдық өмірге және жастар тәрбиесіне белсене қатысады. Аға ұрпақтың мұң-мұқтажын ұмытпау және олардың тұрмысын лайықты қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – қазіргі қасиетті парызымыз.

Қымбатты жерлестер!

Бүкіл ардагерлерге, майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, партизандық қозғалысқа қатысқандарға, сондай-ақ жазықсыз қуғын-сүргін мен жер аударудың тауқыметін тартқандарға, сұмдық соғыстан кейін елді қалпына келтіргендерге күллі солтүстікқазақстандықтар атынан бас иеміз. Олардың ерлігі келер ұрпақ үшін әрқашан теңдессіз ерліктің, жанкештіліктің және қажымас қайраттың үлгісі болып қала береді. Ұлы Жеңіс еліміздің және бүкіл адамзаттың тарихының өшпес беті болып мәңгілік қалады.

Баршамыз үшін қасиетті осы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, рух сергектігін, амандық-саулық және мейірім шуағын, ұзақ та бақытты ғұмыр, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

Мерекемен, қымбатты жерлестер!

Жеңіс күнімен!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp