«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

20 ЖАС МАМАН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

20 жас маман СҚО ІІД-нің жанындағы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасына жұмысқа тұрды. Осыған орай басқарма басшылығы Ішкі істер департаменті мен “Абылай хан резиденциясы” мұражайларында көрме ұйымдастырды. 

 

Қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтаудан басқа Күзет басқармасы міндетіне мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды күзету кіреді. Төзімділік пен шымырлықты талап ететін қызметтің мамандары өздерінің шеберліктерін ұдайы шыңдап отырады. Жеке құрамның патриоттық тәрбиесіне де зор көңіл бөлінеді. Көрме осы мақсатты ұстанды. Қатарға енген жас мамандар ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. Жиында күзет қызметінің отставкадағы полковнигі Серік Жұмағұлов сөз сөйлеп, жастарға ағалық өсиетін айтты. Майдангер Серік Смағұлов та өзгелермен бірге Ұлы Жеңіске қол жеткізген соң мамандандырылған күзет қызметінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан қария. Ол денсаулығына байланысты кездесуге келе алмаған соң басқарма қызметкерлері ардагердің үйіне барып, оның хал-жағдайын сұрап қайтты.

Жас мамандар облыстық Ішкі істер басқармасының мұражайын аралаған соң қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткіш тақтаға бет бұрды. Петропавл қаласына көрік беріп, нұрландыра түскен “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде де болып қайтты.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp