2013 жылғы сәуірде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда 15569 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9342 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6227 теңге болды.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12350 теңге, жасөспірімдер 14-17 жасқа дейінгі ер балалар – 19679 теңге, қыздар – 15079 теңге, 18 жастан асқан еңбек-ке қабілетті жастағы ер адамдар – 18568 теңге, әйелдер – 14749 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 14569 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 15750 теңге, Петропавл қаласы бойынша 15233 теңге болды
Облыстық Статистика департаменті.