«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

9 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. 

 

Ресми рәсімнен кейін ҚР Республикалық үрлемелі аспаптар оркестрі еліміздің Гимнін орындады. Осыдан кейін Құрметті қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.

Ұлы Жеңіс күніне орай Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алу үшін зор денсаулық тілейтіндігін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды мейраммен құттықтап, әрбір отбасыға бірлік-береке, ынтымақ тіледі.

Сондай-ақ ҚР Президенті соғысқа қатысқан ардагерлердің саны жыл сайын арамызда азайып бара жатқанын, сондықтан оларға қолдан келгенше барлық қамқорлықты аямау керектігін баса айтты.

“Кейін олар кетіп қалғанда өкінбейтін болайық. Бұл сұрапыл соғысқа 1 млн. 800 мың қазақстандық аттанып, соның тең жартысы елге қайтпады. Соғыс жылдарында алған жарақаттарынан қайтыс болды”, – деді Н. Назарбаев.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp