«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысында бір еңбеккердің орташа айлық атаулы жалақысы 72611 теңгені құрап, 2012 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 10%-ға өсті, нақты көріністе 2,6%-ға өсті.
Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы – Қызылжар (62997 теңге) және Ғабит Мүсірепов атындағы (62888 теңге) аудандарда. Шал ақын (61769 теңге), Есіл (59399 теңге) аудандарында біршама төмен.
Өңірлік бөліністе ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы Қызылжар (50821 теңге), Уәлиханов аудандарының (55502 теңге) еңбеккерлеріне тиесілі. Өнеркәсіпте барынша жоғары еңбекақы Есіл (118751 теңге), Шал ақын (120111 теңге) аудандарында.
Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы наурыз айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмола облысында – 78170 теңге, Қостанай – 79329, Павлодар облысында – 91682 теңге, қаңтар-наурыз айларында 73085 теңге, 75247 және 86469 теңге сәйкесінше.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp