Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,
облыстық ТЖД Суда құтқару қызметінің басшысы.
Көктем келер-келместе өңірімізде адамның суға кету фактісі тіркелді.
Өткен жексенбі күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Полудино ауылының маңындағы Половинное көлінде туысымен түнде алюминий қайықта балық аулап жүрген 1981 жылғы ер адам судағы төтенше жағдайдың құрбаны болды.
Екінші күні Қызылжар ауданының Чаша көлінде, Долматово ауылынан он шақырым қашықтықта балық аулау кезінде 50 жастағы ер адам батып кеткен.
Қазіргі уақытта СҚО ТЖД Суда құтқару қызметкерлері құрбан болғандардың мәйіттерін іздестіруде.
Төтенше жағдайлардың сараптамасы көрсеткеніндей, желді күні және қараңғы түскенде балық аулаған, өздері жасаған жүзу құралдарымен айдынға шыққан, құтқару жилетін кимеген адамдар қайғылы оқиғаға тап болады.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар, өзіңіздің және туған-туысқандарыңыздың өмірі қымбат болса, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтаңыздар.