«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 1,1 пайыздық пунктке жоғары болды.

2013 жыл басынан қолданыстағы бағамен 33,4 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндіріліп (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2012 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 3%-ға ар-тық болды.
Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңіндегіден 3,2%-ға ұлғаюмен жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 68,6%.
Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін тамақ өнімдерін өндіру (65%) алады. Рапс майы (3,8 есе), өңделген сүт және кілегей (1,7), ет және тағамдық қосымша өнімдер (1,6 есе), құс еті (45,1%-ға), торттар және кондитерлік өнімдер (17,6%-ға) 2012 жылғы қаңтар-наурыздан артық өндірілді.
Арақ пен арақ-шарап өнімдерін шығаруды 23,6%-ға ұлғайту есебінен 2012 жылғы сәйкес кезеңіне қарағандағы сусындар өндірудегі көлем өсімі 20%-ды құрады.
Облыста компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарды жасау (4,6 есе), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру (2,3), жиһаз (2,2), пластмасса бұйымдары (1,9), өзге металл емес минералдық өнімдер (1,8), негізгі фармацевтикалық өнімдер (1,7 есе) өндірісі сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда. Теледидар қабылдағыштары (7,5 есе), этил спирті (16,2%-ға), асүй жиһазы (5,3 есе), пластмасса құбырлар мен түтіктер (50,7), тауарлы бетон (2,4 есе) және тағы басқаларды шығару ұлғайды.
Қара металл сынықтарын сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі қызметтердің ұлғаюы есебінен “Сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратуды бақылау” секциясында 8%-да құрайтын едәуір өсім қалыптасты.
Жыл басынан кварцтік құм байыту жүргізілуде, ірі қара терісін илеу қайтадан қолға алынды, соя майын және құрылыстық ерітінділер шығару игерілді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp