Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесті.
Одан соң Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбанғұлы Бердімұхамедов “Болашақ стансасы (Қазақстан Республикасы) – Серхетяка стансасы (Түрікменстан)” өткелі арқылы елдеріміз арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашуға қатысты.
“Болашақ – Серхетяка” учаскесі Қазақстан, Түрікменстан және Иран арасын жалғастыратын трансұлттық дәліздің бөлігі болып табылады. Ол жүк ағынын құрғақтағы жолдардан теңіз жолымен Парсы шығанағы аймағына шығаруды қамтамасыз етеді. Баршаға белгілі, “Жаңаөзен – Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы” жаңа желісі пойыздардың бұған дейінгі түрікменнің Сарахс қаласы арқылы өтетін жолынан 600 шақырым қысқа.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жаңа темір жол өткелі ашылуында екі елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбанғұлы Бердімұхамедов екі елді темір жол қатынасымен байланыстыратын символдық алтын жалатқан түйісу бұрандасын бұрады.
“Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша ауқымды қаржылық жоба Түрікмен-Қазақстан жолы жүзеге асырылды. Мұндай деңгейдегі жобаны экономикалық жағынан күшті, тұрақты және шынайы достық пен туысқандық тінімен байланысқан, бірлескен мақсаттарын сезіне алатын, ынтымақтастық перспективаларын айқын көре алатын мемлекеттер ғана жүзеге асыруға қабілетті. Нұрсұлтан Әбішұлы, осы жобаны қолдағаныңыз және оны жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдырғаныңыз үшін Сізге зор ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз”, – деп атап өтті Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов.
Н.Назарбаев “Қазақстан – Түрікменстан” темір жолы – бұл болашақта Парсы шығанағына шығатын көлік дәлізінің басты бөлігі”, – деп мәлім етті.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жаңа халықаралық темір жол өткелі ашылып, салтанатты түрде түйіс-тірілгеннен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов екі елдің делегациялары алдында сөз сөйледі.
“Өткен жылдары жобаның өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Әлемдік сауда мен өндіріс салмағы Азияға ауып келеді. Осы кезде Қазақстан мен Түрікменстан экономикасы серпінді өсіп отырғанын көрсетеді. Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан уәлаятының өзара іс-қимылы елеулі арта түсетініне сенімдімін. Екіншіден, біз Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия бағытына экспортты арттыра аламыз. Үшіншіден, солтүстік жақта да, оңтүстік бағытта да ондаған елдер үшін экономикалық жағынан тиімді, жаңа қолайлы жолбағытты құрамыз. Біз ирандық достарымыз жолдың 82 шақырымдық өз бөлігін жуық арада аяқтайды және біз Парсы шығанағына дейінгі бүкіл жол бойындағы жұмыстар аяқталуын мерекелейтін боламыз деп сенемін”, – деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Тұтастай алғанда бүкіл Каспий маңы аймағының стратегиялық маңызы арта түсетін болады, деп атап көрсетті ол.