«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ЗАУЫТЫ Петропавлда салынады деп жоспарланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген “Қазақстан Инжиниринг” ҰК” АҚ басқармасының төрағасы Болат Смағұлов пен Ресей Федерациясы “Тракторные заводы” концерні” бас директорының орынбасары Александр Титов бастап келген делегацияны қабылдап, ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға байланысты өзара ынтымақтастық байланыс орнату жөнінде келісім жасалғанын жария етті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, “ПАМЖЗ” АҚ-ның бас директоры Қуаныш Бишімов, “Мұнаймаш” АҚ басқармасының төрағасы Сергей Григоренко, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Өңір басшысы Самат Ескендіров делегация басшыларымен кездесуге байланысты жан-жақты пікір алысылғанын, әңгіме барысында машина жасаудан іс-тәжірибесі бар республикамыздың “солтүстік қақпасында” ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын жаңа өндіріс орнын салу ұсынылып отырғандығын баяндады. Делегация басшыларының айтуынша, оған алдағы уақытта 50х50 қағидатымен инвестиция тартылатын болады.



Ресей Федерациясы делегациясының басшысы Александр Титовтың айтуына қарағанда, “Тракторные заводы” концерні заманауи доңғалақты тракторлар, комбайндар, экскаваторлар мен аспалы құрал-саймандар шығарумен айналысады. Екіжақты келісім бойынша облыс орталығында сондай техника шығаратын жаңа зауыт салу жоспарланып отыр. Оның өнімін Қазақстан мен Орталық Азияға ғана емес, Ресей Федерациясының Орал тауына дейін экспорттау көзделген.
“Агромашхолдинг КР” ЖШС-нің бас директоры Дәурен Жанатов бұл ескі зауытты көшіру емес, мүлде жаңа өндіріс орнын қалыптастыру екендігін, онда красноярскілік комбайндар-дың 3-4-ші, яғни соңғы легі ғана шығарылатындығын атап айтып, құрылысқа жер бөлу жөніндегі мәселеге қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Самат Ескендіровке ризашылығын білдірді.

Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp