«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті азаматтар! Сіздерді бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңке 2013 жылғы 22 мамыр күні сағат 11-00-де қалалық Мәдениет үйінің ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 37-үй.
Сіздерге жәрмеңкеде:
– жұмысқа орналасу, біліктілік арттыру және қайта оқыту жайлы тегін консультация алуға;
– облыстың бос жұмыс орындарының электрондық дерекқорындағы жұмыс туралы ұсынылған ұсыныстармен немесе әңгімелесу барысында жұмыс берушімен тікелей танысуға;
– сауалнама толтырып, алдын ала әңгімелесуден өтуге;
– жұмыспен қамту органдары жұмысының барлық бағыттары және халықты қабылдау тәртібі бойынша мамандардың кеңесін алуға;
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңы жайлы түсініктеме алуға болады.
Анықтама телефондары: 46-37-43, 53-28-68.
Жұмыс берушілерден жәрмеңкеге қатысуға өтінімдер 2013 жылғы 20 мамырға дейін 53-28-68 телефоны арқылы қабылданады.

СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp