«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЕУДІҢ КӨЛІГІН РҰҚСАТСЫЗ МІНІП, екінші рет істі болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол сақшылары саяжай кооперативтерінің бірінде бөтен көлікті айдап кеткен саяжай күзетшісін құрықтады.
Көлік иесі темір тұлпарының ұрланғандығын жол сақшыларынан білген. Полицейлер “Mitsubishi” көлігіне отырған жігітті облыс орталығынан шеткері жерде тұтқындаған. Жүргізуші ешбір құжатсыз әрі мас күйде рульге отырған. Кейін анықталғандай, көлік иесі саяжай күзетшісінен “темір тұлпарын” таң атқанша қарай тұруын сұраған. Күдікті мұндай қылмысқа екінші рет барып отыр. Алғашқысында біреудің көлігін жуу орнынан мініп кеткен.
Тәртіп бұзушы он тәулікке қамауға алынды. Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының тергеушісі Азамат Ташевтің айтуынша, аталған қылмыстық факті бойынша тергеу амалдары сотқа дейінгі жеңіл түрде тергелетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp