«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫН ЖОЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге Рейханлы қаласында болған жарылыстардың салдарынан көптеген адамның қайтыс болып, зардап шеккеніне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
“Лаңкестіктің етек алуы бүгінгі күні баршамызға ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестіктің кез келген түрін барынша айыптайды”, – делінген жеделхатта.


Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның салдарынан қаза болғандардың туғантуыстары мен жақындарының қасіреттеріне ортақтасып, шын ниеттен көңіл айтты.
* * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмайылованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта кәсіби қылқалам шебері Гүлфайруз Мансұрқызы сурет өнеріндегі қайталанбас туындыларды, соның ішінде халқымыздың ұлы тұлғаларының портреттерін өмірге әкелгені атап өтілген.
“Ол кино және театр өнерінің дамуына, сондай-ақ танымал опералар мен фильмдердің көркем безендірілуіне өлшеусіз үлес қосты. “Қыз Жібек”, “Ботагөз” сияқты шоқтығы биік кинотуындыларда негізгі рөлдерде ойнап, елдің шексіз ықыласына бөленді. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі лайықты марапаттармен атап өтілді. Гүлфайруз Мансұрқызының еңбектері бейнелеу өнеріндегі баға жетпес рухани байлығымыз болып қала береді”, – делінген жеделхатта.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp