«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАС ЖОЛДА – ЖАСӨСПІРІМДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында велоспорттан біріншілік өтті. Сайысқа 100-ге жуық жасөспірім қатысты.
Жарыстың бірінші кезеңінде спортшылар жекелей сында бақ сынасты. 12 жасқа дейінгі жеткіншектер бөлек топта сынға түсті. Оларға мәре сызығына жету үшін 5 шақырымды бағындыру керек. Бұл жас аралығында белгіленген қашықтықты 10 минут 35 секундта жүріп өткен Никита Фрейберг жарыстың бірінші кезеңінде бірінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Илья Кочетов – екінші, ал Сергей Гераскин үшінші орынды жеңіп алды.
Ал 10 шақырымда сынға түскен 13 пен 14 жас аралығындағы топта Сергей Мальцев озып шықты. 15-16 жастағы ересек балалар тобы 20 шақырымды бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кескен Павел Казаченконың жұлдызы жанды.
Ш.Уәлиханов көшесі бойында сайыстың екінші кезеңі өтті. Критериум бойынша сынға түскен велошабандоздар жас деңгейлеріне қарай жалпы ұзындығы 1200 метрді құраған трассада 4, 10 және 14 айналым жасады.
Сайыс қорытындысы бойынша топ жарғандар маусым айында өтетін республикалық турнирде облыс намысын қорғамақ.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp