«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ – уақыт талабы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен өткен келесі селекторлық кеңесте энергия үнемдеу мәселесі қозғалды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Үкімет басшысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 тамызға дейін Үкімет қарауына энергия үнемдеудің 2020 жылға дейінгі аралығына негізделген бағдарламаның жобасын енгізуді тапсырды. Осы орайда Серік Ахметов бағдарламаның барлық жағдайы тыңғылықты қарастырылуы, соның ішінде қаржыландыру бағыттары жан-жақты зерделенуі қажет екенін атап өтті. “Негізгі талаптар мен нормаларды заңдардың деңгейінде қарастыру керек. Олар нақты әрі түсінікті және тікелей іс-қимылға бағытталуы қажет. Егер де олар жауапкершілік деңгейінсіз, нақты міндетсіз, бұлыңғыр болса, онда бұл бағдарлама орындалмай, тығырыққа тірелетіні сөзсіз”, – деді Премьер-Министр.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp