Сергей ЧЕРКАСОВ,
облыстық ТЖД Суда құтқару қызметінің 2-дәрежелі құтқару станциясының бастығы, құтқарушы.
Су тасқыны кезінде балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан (көптеген балықтар су тасқыны кезінде уылдырық шаша бастайды), браконьер балықшылар тор құрудың түрлі әдістеріне барады. Қараңғы түнде олар техникалық жағынан жарамсыз немесе куәландырылмаған қайықтармен құтқару жилетінсіз немесе құтқару шеңберінсіз су айдынына шығады. Өкінішке қарай, балықшылардың қайғылы оқиғаларға ұшырауы осы қауіпті кезеңде жиі кездеседі. Осыған мысал ретінде су тасқыны кезеңінде Петропавл қаласының маңында Есіл өзенінде осыдан он бір жыл бұрын болған оқиғаны келтіруге болады.
5 сәуір күні Былғары зауыты ауданындағы саяжай үйлерінің бірінде суда құтқару қызметінің құтқарушылары балықшы киімін киіп, балық аулау құралдарын асынған 38 жастағы қала тұрғынын қатты суық тиген күйінде тапты. Жәбірленуші үйіне жеткізілді.
12 сәуірге қараған түні Заречный кентінің маңында екі ер-азамат қойылған ауларын тексеру үшін мас күйде қайыққа мініп айдынға шыққан. Қайық тесіліп батып кеткен. Таңертең көмек сұраған жәбірленушінің біреуін суда құтқару қызметінің маневрлік іздестіру тобы құтқарып, екінші ер адамның жансыз денесі кейін табылды.