«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ – 2020” – қазақстандықтардың зор сұранысына ие бағдарлама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкіметтің селекторлық режімде өткен кезекті отырысында 2013 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық бюджеттің жобасы бекітілді.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Аталған құжат бойынша Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасады.
“Болжам 2012 жылғы жалпы ішкі өнім өсімі бойынша есептік деректерді және экономика саласын дамытудың үстіміздегі жылғы алғашқы тоқсандағы мәліметтерін ескере отырып түзетілді. Нақтылау кезінде әлемдік экономикадағы шикізат тауарларына бағаның даму үрдістері ескерілді”, – деді министр. Оның сөзіне қарағанда, болжам бойынша жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 291 млрд. теңгені құрайды. Бұл жоспарланғаннан 2 331 млрд. теңге аз. 2013 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі базалық сценарий бойынша бекітілген деңгейде, яғни 6 пайыз көлемінде сақталуда.



Селекторлық кеңесте “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының іске асырылу барысы да талқыланды. Биылғы жылдың 4 айында елімізде 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл бағдарлама туралы Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылдың 4 айында қар-жыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 117,3 млрд. теңге немесе 2010 жылмен салыстырғанда 110 пайыз инвестиция жұмсалған. “Жалпы алаңы 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 95 пайызды құрайды. Осы қарқын тұрғын үй салудың жоспарланған жұмыс көлемін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді ол. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 63 пайызы немесе 1,2 млн. шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысының үлесіне тиесілі.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке тұрғын үй салу көлемінің 19 пайызға артқандығын көрсетеді. Аталған мерзімде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар 197 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. Ал кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша жұмысты ақсатқан облыстар сынға алынды. Яғни, 7 облыс бұл сала бойынша бөлінетін бюджет қаржысынан қағылады, деді вице-министр. Өйткені, ол өңірлер тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысына арналған жобалық-сметалық құжат дайындауды созып жіберген. Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес аталған құжатты белгіленген уақытта дайындап, ұсыну қажет. Тек осы жағдайда ғана жыл басында республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады. Дегенмен, 2014 жылға ұсынылған құжаттарға жүргізілген сараптама бірқатар кемшілікті көрсетіп отыр. Мәселен, әкімдіктер ұсынған тұрғын үй жинағы желісі бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысына бюджеттік бағдарлама аясында жобалар тізбесі 40 пайызға ғана орындалған. Яғни, көзделген 35 млрд. теңгенің тек 16,9 млрд. теңгесіне құжат бар. “Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы жоспарланған соманы 100 пайызға қамтамасыз етіп, толық құжат ұсынды. Ал Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары мүлдем құжат ұсынған жоқ. Бұл 7 өңір алдағы жылы кредиттік тұрғын үй құрылысына арналған қаржыдан қағылуы мүмкін”, – деді Серік Нокин.
“Баспанаға деген сұраныс барлық өңірде бар. Әсіресе, қалаларда неше адам кезекте тұрғанын жақсы білеміз, сонымен қатар баспанаға зәру қаншама адам бар. Ол үшін тоғыз бағыт бойынша бағдарлама әзірленіп, оның атына заты сай болуы үшін “Қолжетімді тұрғын үй” деп аталды. Осы бағдарламада қарастырылған тетіктерден бөлек, өңір басшыларымен бұл бағдарламаны қосымша қаржыландырудың тетіктері пайда болады деп келіскен едік. Бүгінгі талқылау бірқатар өңірлерде бағдарламаның осы бағыттарындағы әкімшілерімен өзара іс-қимылда проблемалар бар екендігін тағы көрсетіп отыр”, – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Облыс әкімі Самат Ескендіров аталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp